RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары жиналды.
Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.
Тазалық жұмыстары Түркістан қаласы аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 учаскеде жүргізілді. Аталған аумақтарда санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

redaktor_rastimes

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ ГҮЛ ИНДУСТРИЯСЫ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ГҮЛ ХАБЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

redaktor_rastimes

Домбыра – ұлт рухы: Түркістанда ұлттық өнер мен татулықты ұлықтаған байқау өтуде

Пікір жазу