RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты Түркістан облысының мемлекеттік архиві және Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві мекемелерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Достық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойы аясында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы — Қазақстанның оңтүстігінің тарихында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Шараға Өзбекстан, Ресей елдері мен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларынан тарих және педагогика ғылымы саласының өкілдері, архив қызметкерлері, жоғары оқу орнының студенттері, мектеп оқушылары оффлайн және онлайн форматта қатысты. Конференцияда «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты архивтік құжаттар көрмесі ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтіп, көпшілік қауымға таныстырылды.

Аталған іс-шара барысында кездесуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесінің 80 жылдығын мерекелеудің маңыздылығы мен оңтүстік өңірінің Ұлы Жеңіске жасаған ауқымды үлестері баяндалды. Одан бөлек, соғыс ардагерлері мен тыл ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығы баяндалды. Сондай-ақ, конференцияда Ұлы Отан соғысы туралы танымды тереңдету, жергілікті тарихтың жаңа беттерін ашу, тарихи әділеттілік пен патриоттық тәрбие жөнінде баяндамалар оқылып, мәліметтер берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

redaktor_rastimes

Елордада жүк көліктері бір түнде 3500-ден астам рейс жасап, қар тасымалдады

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу