Түркістан қаласында Спорт күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын қаладағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, спорт саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандар мен жас спортшылардың жетістіктері дәріптелді.
Салтанатты шара барысында Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубының бірқатар жаттықтырушылары мен спортшылары марапатталды. Олардың қатарында шахмат, теннис және стритбол спорт түрлерінің өкілдері бар.
Атап айтқанда, шахматтан спорт нұсқаушысы, зейнеткер Алима Сунетиллақызы, шахматтан ҚР спорт шеберлігіне үміткер Асылхан Әсия Талғатқызы, спорт клубының шахмат бөлімінің жаттықтырушысы, Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Майкотов Асқат Құрманғалиұлы, шахматтан ҚР спорт шеберлігіне үміткер Сұлтанхан Нұрислам Бабирұлы, ардагерлер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы, шахмат бөлімінің жаттықтырушысы Джумадуллаев Қуанышбек Абсадикұлы, теннис бөлімінің жаттықтырушысы Баянбаева Элеонора Хайруллақызы және стритбол бөлімінің жаттықтырушысы Нурмахамбетова Айдана Ақылбекқызы марапатталды.
Марапаттау рәсімін өткізу үшін ортаға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев шақырылды.
Сонымен қатар мерекелік жиында жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Балалар футбол лигасының» жеңімпаздары мен үздік ойыншылары да марапатталды.
2015–2016 жылы туған жасөспірімдер арасында жеке номинациялар бойынша «Үздік қорғаушы» атағына Баймаханбет Алихан, «Үздік қақпашы» атағына Байдүйсен Асет, «Үздік шабуылшы» атағына Хорамбек Мұхаммедясин, ал «Үздік ойыншы» атағына Нуруллаев Муслим ие болды.
Командалық есепте III орынды «Алау-2», II орынды БЖМОФМ, I орынды «Жастар» командасы иеленді.
Ал 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында «Үздік қорғаушы» – Балтабай Бекжан, «Үздік қақпашы» – Сатаев Сайдмухаммед, «Үздік шабуылшы» – Тасболат Нұржігіт, «Үздік ойыншы» – Батырбеков Бехруз атанды.
Бұл жас санатындағы командалық есепте III орын «Жігер» командасына, II орын «Достық» командасына, ал I орын «Алау-2» командасына бұйырды.
Спорт күніне арналған мерекелік шарада спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегі жоғары бағаланып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Жиын барысында спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіріліп, жас спортшыларға жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілегі айтылды.

