RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ТҰРАҚТЫ

Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың мәлімдеуінше, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде басталды. Облысымызға тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Үкімет аралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд м³. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандары ағын сумен қамтамасыз етіледі. Суармалы жер көлемі 140 мың гектар. Қазіргі таңда вегетацияға 30 м³/сек ағын су босатылуда.

«Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» магистралды каналдары арқылы ағын сумен Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда вегетацияға 40 м³/сек ағын су босатылуда. Суармалы жер көлемі — 67,8 мың гектар.

«Қазсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мекеме тарапынан атқарылған жұмыстар мен жоспарларды баяндады.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев күрделі жөндеу жоспарланған су арналарына тоқталып, қаржыландыруға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттардың жайын қозғады.

Аудан әкімдерінің орынбасарларына су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша бекітілген межені орындау ескертілді.

– Шаруалар ағын суға тең қол жеткізуі тиіс. Су тапшылығы орын алмау үшін барлық ықтималдар мен тәуекелдер сараланып, өзектілігіне қарай ұсыныстар әзірлеңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мәжіліс қорытындысымен бірқатар тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды

redaktor_rastimes

Домбыра – ұлт рухы: Түркістанда ұлттық өнер мен татулықты ұлықтаған байқау өтуде

Балаларға арналған мәңгілік маусым: Төлебиде жыл он екі ай жұмыс істейтін сауықтыру лагері ашылды

redaktor_rastimes

Пікір жазу