RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты

Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал екенін айтты.

Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн.

«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек»,- деп нақтылады президент.

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет.

«Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз»,- деп қорытындылады Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында 2 ферма ашылды

Арал теңізіне 200 млн. текше метр су жіберілді

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Пікір жазу