RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан облысына 8 жыл: Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, агроөнеркәсіп жаңа деңгейге көтерілді

Түркістан облысы құрылғанына сегіз жыл толған уақытта өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде ауыл шаруашылығы облыс экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналады. Соңғы сегіз жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,2 есеге өсіп, 1,2 триллион теңгеге жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, 2018 жылы бұл көрсеткіш 551,1 миллиард теңгені құраған болатын. Осындай қарқынды өсімнің нәтижесінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі бойынша республикада көш бастап келеді.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне соңғы жылдары шамамен 1 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл қаржы жаңа өндірістер ашуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға, суару жүйелерін жетілдіруге және заманауи технологияларды енгізуге бағытталды. Инвестиция көлемінің артуы өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жол ашты.

Егіс алқаптарының көлемі де жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 106 мың гектарға артып, 919,4 мың гектарға жетті. Ал облыс құрылған алғашқы жылдары егіс көлемі 813,5 мың гектар ғана болған. Бұл көрсеткіш жер ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Соңғы жылдары Түркістан облысында су тапшылығы мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл бастапқыда 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгіз

зу жоспарланған болатын. Алайда нақты нәтиже жоспардан әлдеқайда жоғары болып, көрсеткіш 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Осылайша жоспар екі есеге жуық артығымен орындалды.

Нәтижесінде облыс бойынша су үнемдеу технологиялары енгізілген жалпы жер көлемі 164 мың гектарға жетіп отыр. Бұл технологиялар арқылы жыл сайын 280 миллион текше метр ағын су үнемделеді деп күтілуде. Су ресурстары тапшы өңір үшін мұндай көрсеткіштердің маңызы өте зор. Тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және басқа да инновациялық әдістер ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырумен қатар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Облыста ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға да ерекше назар аударылуда. Жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып, Түркістан бүгінде республикадағы ең ірі жылыжай орталығына айналды. Қазіргі таңда өңірдегі жылыжайлардың жалпы көлемі 1006,7 гектарды құрайды. Бұл республикадағы барлық жылыжайлардың 72 пайызына тең көрсеткіш. Өткен жылы жылыжайлардан 113 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналып, еліміздің маусымаралық кезеңдегі қажеттілігінің 45 пайызын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар соңғы жылдары жылыжайларда тек дәстүрлі көкөністер ғана емес, субтропикалық дақылдар да өсіріле бастады. Атап айтқанда, 2025 жылы облыс жылыжайларында 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон және 13 мың тонна құлпынай өндірілді. Бұл көрсеткіштер өңірдің ауыл шаруашылығы саласының жаңа бағыттарды игеруге қабілетті екенін дәлелдейді.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкім таныстырылды

redaktor_rastimes

Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылайды

redaktor_rastimes

«Рәміздер саябағында» рухты шыңдаған мереке

redaktor_rastimes

Пікір жазу