RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлем

Парижде «Көшпенділер әуендері» әуеледі

Париж қаласында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды. Концерт Багатель саябағындағы жылыжайда ұйымдастырылды. Париж жұртшылығы музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Ансамбль қазақстандық және түркі композиторларының шығармаларын орындады. Концерт бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Владимир Стригоцкий-Пак, Алмас Серкебаев және Хабибулла Сетековтың туындылары болды.

Іс-шараны Париж ботаникалық бағының кураторы мен Париж мэриясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, Багатель ботаникалық бағының 10 жылдық мерейтойына орай Ботаника және фитоинтродукция институтында өсірілген Қазақстан өсімдіктерінің үлгілері сыйға тартылды.

 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 700-ге жуық кәсіпкер жеңілдетілген несиеге қол жеткізген

redaktor_rastimes

Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

redaktor_rastimes

Қазақстан мен Иордания арасындағы байланыс беки түспек

redaktor_rastimes

Пікір жазу