RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР КОРОТКОВ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс бәсекесі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста ерлер арасында Түркістан өңірінің үш боксшысы финалға жолдама алды. Олар: Сәкен Бибосынов, Сағындық Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай.

54 келі салмақта өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов ресейлік Денис Пальшинді айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

92 келі салмақта ел намысын қорғаған Сағындық Тоғамбай финалда алаң иесі Сергей Слободянмен кездесіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал аса ауыр салмақ (+92 келі) дәрежесінде Нұрлан Сапарбай ресейлік Орудж Мамедовпен тартысты жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар, 67 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қола медальға ие болды. Әйелдер арасында 66 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Жаңабаева да қола жүлдені еншіледі.

Осылайша, Мырзағали Айтжановтың шәкірттері халықаралық деңгейдегі жарыста табысты өнер көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтата түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Кадр әзірлеу бағыттарын кеңейтуге Британ университеті әзір әрі мүдделі

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

redaktor_rastimes

Балаларға арналған мәңгілік маусым: Төлебиде жыл он екі ай жұмыс істейтін сауықтыру лагері ашылды

redaktor_rastimes

Пікір жазу