RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениетӘлем

Астанада «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды

«Астана Опера» театрында ұлы итальялық композиторға арналған «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды.

Концертті әйгілі дирижер, итальялық Джузеппе Аквавива басқарды.

Аталмыш іс-шара композитордың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрермен алдында Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларын жетекші солистер шырқады.

Қатысушылар арасында әлемге әйгілі опералық әншілер — Мария Мудряк, Марина Медичи және Раффаэле Абете, сондай-ақ Қазақстан сахнасының жұлдыздары, хор әртістері мен театрдың симфониялық оркестрінің музыканттары болды.

Бағдарламада Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларынан ариялар, дуэттер шырқалды. Бұл әстістер мен көрерменге оның музыкалық мұрасын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді.

Музыкалық бағдарламадан бөлек, театр фойесінде «Жүз жылдық мұра, шеберлік және итальялық құмарлық» атты бірегей көрме ұйымдастырылды.

 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануды дамыту жөнінде кеңес өтті

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ФОРУМ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Бәйдібекте ұлттық рухты жаңғыртқан ерекше бастама: «Ауыл Live» жастар сайысы өтті

Пікір жазу