RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
БілімЖаңалықтар

Жазғы шаттық — балалықтың жарқын естелігі: Түркістанда сауықтыру маусымы басталды

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы ресми түрде басталып, өңірдегі лагерьлер алғашқы ауысыммен балаларды қабылдауда. Қазірдің өзінде “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” сынды жазғы сауықтыру орталықтарында мыңнан аса бала шаттыққа бөленіп, табиғат аясында тынығып жатыр. Мәселен, Сайрам ауданындағы “Болашақ” лагерінде 314, Бәйдібек ауданындағы “Тау шыңы” лагерінде 120, ал Кентаудағы “Үркер” лагерінде Арыс пен Ордабасы аудандарынан келген 600 бала демалуда. Жаз бойы оқушылар 7 ауысыммен, әрқайсысы 10 күннен, арнайы кестеге сай тынығатын болады. Биыл өңірде алғаш рет енгізілген жаңашыл бастама – модульдік лагерьлердің де берері мол. Облыс бойынша 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульдік жатақхана орнатылып, 7500-ден астам қосымша орын . Бұл ауыл балаларына сапалы демалыс сыйлап, лагерьлердің қамту ауқымын кеңейтті. Жалпы, жазғы демалыс маусымында облыстағы 10 мемлекеттік және 21 жекеменшік лагерьде 41 мыңнан аса бала тынығады. Сонымен қатар, жекеменшік лагерлерге 11 500 баланы жолдау үшін арнайы қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Бұдан бөлек, 400 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен экскурсиялық, танымдық іс-шараларға қатысады. Биыл мемлекеттік және келісімшарт бекітілген жекеменшік лагерлерде демалатын балалар саны 35 мыңнан асады. Балалық шақтың ең тәтті естеліктеріне айналатын жазғы демалыс – тек көңіл көтеру ғана емес, жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып, шығармашылық қабілетін ұштап, тұлғалық дамуына серпін беретін маңызды кезең. Түркістанда бастау алған бұл жаз – мыңдаған балаға шаттық сыйлап, есте қалар ерекше маусым болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11,3 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ

redaktor_rastimes

Орал қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

redaktor_rastimes

43 адам қаза тауып, миллиондаған адам жарықсыз қалды

Пікір жазу