RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпЭкономикаҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3,5 МЛН. ТОННА БАҚША ӨНІМДЕРІ ЖИНАЛДЫ

2024 жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға орналастырылды. Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдылық берілуде. «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасымен аванстық төлем жүйесі ендіріліп, отандық тыңайтқыштар 60% субсидияланды. Нәтижесінде егіс алқаптарына 141,4 мың тонна тыңайтқыштар енгізілді. «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасымен субсидиялау нормативтері 1,5 — 2,0 есеге дейін ұлғайды.
Көктемгі дала және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізуге 63 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға қол жеткізілді. Биыл 929,0 мың тн. дәнді дақылдар, 3,5 млн. тн. көкөніс-бақша өнімдері, 192,0 мың тн. жүзім жиналды. 5,5 млн. тонна мал азығы дайындалды.
Ағымдағы жылы тәжірибе негізінде 1,9 мың гектарға жаңа әдіспен мақта дақылы егілді. Технологияның тиімділігі — суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.
Облыстың климаттық ерекшелігі қарқынды бау және жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Өңірде қарқынды баудың көлемі 5,7 мың гектарды құрайды. Өнімділік дәстүрлі бауларға қарағанда 5 есеге жоғары немесе 300-350 центнерге дейін өнім жинауға мүмкіндік беріп отыр.
Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектар, жиналған көкөніс 150 мың тонна (республикалық көрсеткіштің 71 %). Бұл маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігінің 42% қамтамасыз етеді.
Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимон өнімдерді жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 1,3 мың тонна банан, 3,2 мың тонна лимон өндірілді.
Ағымдағы жылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы жылдық 5 % мөлшерлемемен қол жетімді лизингтік бағдарламаcын іске қосты. 9 айда жаңадан 1603 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жаңалау үлесі 6,3 % құрады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МИНИСТР ТЕРІСКЕЙДЕ БОЛЫП, ЖАҒДАЙҒА ҚАНЫҚТЫ

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама таратты

admin_rastimes

9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4%-ға өсті

Пікір жазу