RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғамӘлем

Сақ болыңыздар: алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атауын пайдалануда

Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеуде.

Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Айта кету керек, «Халық заңгері» республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.

Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

redaktor_rastimes

Жаңаөзенде түнде жарқырап тұратын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды

redaktor_rastimes

Түркістан өңірінде тұрғындардың тұрмыстық әл-ауқатын арттыруға бағытталған инфрақұрылым жұмыстары қарқын алуда

redaktor_rastimes

Пікір жазу