RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Арал теңізіне 200 млн. текше метр су жіберілді

Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн. текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар.

Осылайша, 2024 жылғы суғару маусымында теңізге шамамен 1 млрд. текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд. текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.

«Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, Арал теңізіне су жіберуге үнемді технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Оларды қолдану жүздеген млн. текше метр су үнемдеуге және оны теңізге бағыттауға мүмкіндік береді. Ол үшін біз шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайттық. Алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларымен суармалы суды пайдаланатын шаруа қожалықтары үшін субсидия мөлшері 50%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Дереккөз:  ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН – ТАТЫМДЫ ТУРИЗМ МЕН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУДІҢ ТӘУЕЛСІЗ ТІРЕГІНЕ АЙНАЛУДА: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТЫҒЫЗ КЕЛІССӨЗДЕР БАСТАЛДЫ

redaktor_rastimes

Түркістанда өнер тұмары өрілген – жас таланттардың халықаралық мерекесі өтті

redaktor_rastimes

Абайдың рухымен қауышқан рухани жиын: Ассамблея жастары Абай оқуларында бас қосты

redaktor_rastimes

Пікір жазу