RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатӘлем

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда Президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді.

✔️Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екенін атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

✔️Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады.

✔️Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

 

Дерекөз: Aqorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес форумда 92,8 млн. АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды

redaktor_rastimes

СПОРТ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ: СОЗАҚТА 200 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

redaktor_rastimes

Түркістан төрінде татулық тұғыры биіктеді: «Достық керуені» жобасы рухани шаһарда жалғасты

redaktor_rastimes

Пікір жазу