RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпҚоғам

«Тұран су» кәсіпорны І кезең бойынша 14 жобаны іске асырады

Түркістан облысы аумағындағы мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыс жайларын күтіп ұстау, пайдалану, елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізіп келеді. Мекеме 2019 жылы құрылған. Кәсіпорынның теңгерімінде 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруа аралық канал, 3 өндірістік-техникалық база және 81 бірлік арнайы техника бар.
Мекемені арнайы техникалармен жабдықтау мақсатында 2023 – 2024 жылдары 60 бірлік арнайы техника бөліп төлеу негізінде сатып алынды.
Өткен жылы «Тұран су» мекемесімен 9 су нысанына күрделі жөндеу және 6 су нысанына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42,4 мың гектар суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы және ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарды. Одан бөлек, 883,7 шақырым каналдар мен қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары үшін «Тұран су» кәсіпорнын «Ислам даму банкі» арқылы қаржыландыру келісілді. І кезеңде 73,6 млрд. теңгеге 14 жоба қаржыландырылмақ. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нәтижесінде, 166 шақырым каналдарды бетонмен қаптап, 53,3 мың гектар суармалы жерлердің су жеткізу қабілеттілігін арттыру көзделуде. Ал, ІІ кезең бойынша 120 нысанға құжаттар әзірленуде.
Кәсіпорынның перспективалық даму жоспары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Бөген» су қоймасына су электр станциясын салу жоспарлануда. Жоба құны – 7,6 млрд. теңге. Жобаны қаржыландыру және құрылысын жүргізу бойынша ҚХР-ның Ұлттық «Сhina machinery engineering corporation» құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде, өтеу мерзімі 4 жылды құрайтын қуаттылығы 11 мвт/сағ су электр станциясы салынып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

redaktor_rastimes

Жеке медициналық кітапшалар енді «HR Enbek» порталында қолжетімді

redaktor_rastimes

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту шараларын талқылады

redaktor_rastimes

Пікір жазу