RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады.

 

Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы жетекшілік ететін Республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Келесте газдандыру қарқынды жүруде: 71 пайыздық көрсеткіш – жүйелі жұмыстың нәтижесі

redaktor_rastimes

Созақ жолдары жаңарып, ауыл келбеті ажарлануда

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАБЫСТЫ ЖОБА: «DALA FRUIT» АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРУДЕ

redaktor_rastimes

Пікір жазу