RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентСаясат

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Дереккөз: Akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына қатысты

Өзара тиімді серіктестікті кеңейту мәселелері келісілді

Пікір жазу