RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

САЙРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 5 ЧЕМПИОН ДАЯРЛАНДЫ

САЙРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 5 ЧЕМПИОН ДАЯРЛАНДЫ

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді.  Осы арқылы ауыл-аймақтардан чемпиондар шығып жатыр.

Түркістан облысының №5 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.

Мектеп басшысы Нұрлан Айтмурзаев чемпиондар мен жүлдегерлерді арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады.

Кездесу барысында мектеп директоры жас спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап жүргеніне ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңісті жолдарын жалғастыра берулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ жаттықтырушылардың еңбегі ерекше екенін айтып, шәкірттердің жетістігі ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған спортшылар қатарында еркін күрестен 92 келі салмақта алтын медаль иеленген Айтуған Нұрислам, әйелдер боксы бойынша 35 келіде топ жарған Насанова Аиша мен 67 келіде жеңіске жеткен Сахи Нұргүл, таеквондо WT спорт түрінен 45 келіде қола жүлде алған Жанболат Бекжан бар. Сонымен қатар кикбоксингтен 52 келіде алтын медаль жеңіп алған Ким Виолетта, 75 келіде топ жарған Серікбай Бақытжан және 48 келіде күміс медаль иеленген Ким Анжела да облыс мерейін үстем етті.

Аталған спортшылар еді халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

admin_rastimes

Көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды

redaktor_rastimes

Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы апат бойынша үкіметтік комиссияның есебін тыңдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу