RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтады

Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды.

Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.

Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

“MILIPOL QATAR-2024” 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.

Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕ ҰЛТ РУХЫ МЕН ЕЛОРДАҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ӘУЕН ТОЛҒАҒАН КЕШТЕ ҰШТАСТЫ

redaktor_rastimes

ҰШАҚ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЛТЫ АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТАНДЫ

redaktor_rastimes

Сақ болыңыздар: алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атауын пайдалануда

Пікір жазу