RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

«Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет»

Қостанай қаласындағы IQostanay smart орталығына барған Президент осылай деді. Бұл жөнінде Akorda.kz ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 24 үйірмеде екі мыңға жуық оқушыға қосымша білім беретін орталықтың қызметімен танысты.

Оқушылар сарайында жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған киберспорт, инженерия, авиамодельдеу кабинеттері, жаңартылатын энергия көздері, химия және физика-техникалық зертханалары, сондай-ақ мәжіліс, оқу және хореография залдары бар.

Орталықтағы робот техникасы, инженерия және авиамодельдеу үйірмелеріне қатысатын балалар Президентке өз жобаларын таныстырып, виртуалды зертханада тәжірибе жасап көрсетті.

– Болашақта өз білім-біліктеріңізді іске асыруға мол мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені мұның бәрі қазіргі заманда, экономикада және басқа да салаларда сұранысқа ие. Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет. Елімізге отандық технологияны дамытатын сіздер секілді азаматтар керек, – деді Мемлекет басшысы.

Оқушылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарын көбейткені үшін алғыстарын білдірді.

Дереккөз: Akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Келесте газдандыру қарқынды жүруде: 71 пайыздық көрсеткіш – жүйелі жұмыстың нәтижесі

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президентін қабылдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу