RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпҚоғам

Ақмола облысы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді

Ақмола облысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыру жөніндегі Жолдауын орындау аясында Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді.

Ірі елді мекенді газдандыру осы жылдың соңына дейін 2000-нан астам ауланы газбен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, ал жалпы қамту 6000-ға жуық үй иесін құрайды. Жібек Жолы ауылындағы газ құбырының ұзындығы– шамамен 250 шақырым.

Салтанатты іске қосу рәсімі облыс әкімі Марат Ахметжановтың, «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған басты міндет – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз еттік.Бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы жылы өңірде 125 мың адамды қамти отырып, елді мекендерді газдандыру бойынша 12 жоба іске асырылуда», — деп атап өтті облыс әкімі.

«Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, елді мекендерді орнықты дамытуға жасалған маңызды қадам. QazaqGaz ұлттық компаниясы үнеміэнергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әр өңірінде өмір сүру сапасын арттыруүшін жұмыс істейді», — деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Алғашқы қосылған абоненттердің бірі Оразовтар отбасы болды.

«Бұл біздің отбасымыз үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Біздің 5 немереміз бізбен бірге тұрады және біз олардың өмірін жайлы етуге тырысамыз»,– деп атап өтті отағасы Есіркепбай Оразов.

Бұдан басқа, Аршалы ауданында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына газ жабдықтарын қосу және орнату шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Көмек мөлшері нақты шығындарға байланысты 100 АЕК (369 200 теңге) дейінгі соманы құрайды. Аршалы ауданының аумағында тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үй иелері бұл қаражатты ала алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ауыл әкімдігінде сервистік орталық ашылды, онда тұрғындар газ қосуға, тұрғын үйді рәсімдеуге және әлеуметтік көмек алуға қажетті барлық көмек түрлерін ала алады. Оған қоса мұнда халық саны туралы деректерді өзектендіру және газдандыру шығындарын нақты есептеу үшін тіркеу шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылы облыста магистральдік газ құбыры трассасының бойында орналасқан 16 елді мекен газдандырылды.  Жобаны іске асыруға 8,9 миллиард теңге бөлінді. Алдағы уақытта Целиноград ауданын да газдандыру жоспарлануда.

 

Дереккөз: Ақмола облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа өндіріс орындарын дамыту керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

admin_rastimes

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама таратты

admin_rastimes

АҚШ Венесуэла президентінің ұшағын тәркіледі

admin_rastimes

Пікір жазу