RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкология

ТҮРКІСТАН: ҚЫЗЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының мүшелері, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты. Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы пластик қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы:
«Таза табиғ ат — жарқын болашақтың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі сенбілікке атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Осындай бірлігіміз бен жанашырлығымыз көпке үлгі болсын!» деп, қатысушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.
Айта кетейік, аталған акция бұған дейін 7-11 сәуір аралығында аудан аумағындағы 12 ауылда өткізіліп, акцияға 972 адам атсалысты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР КОРОТКОВ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ГРАНТ БӨЛУДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

redaktor_rastimes

Пікір жазу