RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпҚоғам

ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЭО ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ЖЕТІ ҚАЗАНДЫҚПЕН ӨТКЕРЕДІ

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазғандағы жылыту маусымының басталу жұмыстарымен танысты. Белгілі болғандай, жылу электр орталығында қазір 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Ал бесіншісі 15 қазанда қатарға қосылады. Алтыншы қазандық ауа райы температурасының төмендеуіне орай, қарашаның бірінде қолдануға беріледі. Жетінші қазандықты кестеге сәйкес, желтоқсанның соңында іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өңір басшысына ауа райы температурасына сәйкес, қазіргі таңда қалаға жылудың 55-65 градуста беріліп жатқандығы айтылды. Оған қоса, №11 жылу магистраліндегі 2025 жылға дейін жоспарланған жөндеу жұмыстары ерте аяқталуына байланысты жуу процесінен өтуде. Сәйкесінше судың құрамында көп көлемде темір болуы ықтимал, 2-3 күнде аяқталған соң қалыпқа келеді.

Айта кету керек, Жезқазған жылу электр орталығы көмір және мазут қорымен тиісті көлемде қамтылған.

Сонымен қатар облыс әкімі Дастан Рыспеков реті бойынша сегізінші қазандықтың жаңғырту жұмыстарын бақылады. Жұмыстар 2026 жылға дейін жалғасады.

 

Дереккөз: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Салауатты сана» жобасы аясында Абай мұрасы арқылы әлеуметтік кеселдермен күрес жолы талқыланды

redaktor_rastimes

«Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

redaktor_rastimes

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен келіссөз жүргізді

redaktor_rastimes

Пікір жазу