RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Еңбек заңнамасының сақталуы ерекше бақылауда

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85; халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық рух пен өнердің үндестігі: Қазығұртта өңірлік ансамбльдер байқауы өтті

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1100 ТОННА ҚАУЫН МЕН ҚАРБЫЗ ЖИНАЛЫП, АЛҒАШҚЫ ӨНІМ НАРЫҚҚА ЖӨНЕЛТІЛДІ

redaktor_rastimes

Түркістан төріндегі тындырымды тірлік: Қала жолдары жаңғырып, көшелер келбеттеніп келеді

redaktor_rastimes

Пікір жазу