RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Арал теңізіне 200 млн. текше метр су жіберілді

Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн. текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар.

Осылайша, 2024 жылғы суғару маусымында теңізге шамамен 1 млрд. текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд. текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.

«Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, Арал теңізіне су жіберуге үнемді технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Оларды қолдану жүздеген млн. текше метр су үнемдеуге және оны теңізге бағыттауға мүмкіндік береді. Ол үшін біз шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайттық. Алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларымен суармалы суды пайдаланатын шаруа қожалықтары үшін субсидия мөлшері 50%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Дереккөз:  ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

redaktor_rastimes

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

Мәжіліс Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң қабылдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу