RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

Түркістанның тастұлпарлары – «Толағай» сайысында топ жарды

Елорда күніне орай Астана маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде ұлттық рух пен тектілікті ұлықтайтын дәстүрлі «Толағай» алыптар сайысы өтті. Ашық аспан астында өткен бұл дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен жиналған сайдың тасындай іріктелген білекті де жүректі жігіттер бап пен бақты қатар сынады. Күш пен қажырдың, төзім мен ептіліктің нағыз сынағына айналған жарыста қатысушылар бес түрлі ауыр спорттық кезеңдерден өтіп, нағыз алыптарға тән қайсар мінез бен болаттай рухтың үлгісін көрсетті. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған тартысты бәсекеде түркістандық Азамат Мақұлбеков қарсыластарын шаң қаптырып, бірінші орын тұғырынан көрінді. Алматы қаласының намысын қорғаған Евгений Инкин екінші орынға тұрақтаса, Түркістан облысының тағы бір сайыпқыраны Бағлан Мырзатай үшінші орынды еншіледі. Елдің әр түкпірінен келген спортшылар бас қосқан бұл дода – тек күш сынасатын жарыс емес, рух пен намыстың тоғысқан тұсы іспетті әсер қалдырды. Айта кетерлігі, «Толағай» алыптар сайысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Түркістанның алып азаматтарының осындай дүбірлі додада топ жарып, мерейі үстем болғаны – өңір спортының қарқынын, елдік рухтың асқақ беделін тағы бір мәрте айқындап берді.

Спросить ChatGPT

Ұқсас жаңалықтар

Шардара жағасындағы жарқын жаз: Түркістанда шомылу маусымы салтанатты түрде ашылды

redaktor_rastimes

Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады

redaktor_rastimes

Сарыағашта тәулігіне 10 тонна сүт өнімін өндіретін зауыт жұмыс істеуде

redaktor_rastimes

Пікір жазу