RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды.

Нарықтық механизмдерге сүйене отырып, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Балғын балалықтың балдай демалысы: Түркістанның таулы шатқалында лагерь маусымы ашылды

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЗОР ҚАДАМ: «ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ФОРУМЫ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтады

Пікір жазу