RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР АЛМАТЫДАҒЫ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ШӘМШІ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

Биыл Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Алматы қаласындағы Республика сарайында «Ән аға – жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрерменнің ықыласына бөленді.
«Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі фойеде Шәмші әндерін ойнап көрерменді қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі қолданған бұйымдары, киімдері қойылған ерекше көрмені тамашалады. Сондай-ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы дәм ауыз тиді. Арнайы тақтайшалардан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды.
Кеште алпыс жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.
Республика сарайының үш мың орындық залы көрерменге толып, қошеметі асқан шабыт сыйлады. Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте Инвестициялық штабтың отырысы өтті

redaktor_rastimes

Түркістан облысында аудан әкімі ауысты

Пайдаланылмаған 2 млн. гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылмақ

redaktor_rastimes

Пікір жазу