RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ 10 ОҚУШЫ ДӘУЛЕТ СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШҚТУ РЕКТОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорының гранты үшін «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.

Аталған шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың білім деңгейін көтеру және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру.

Жарысқа Түркістан облысына қарасты 330 мектептен 1650 оқушы қатысып, 17 аудан мен қалада іріктеу кезеңдері өткізілді. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, финалдық ойындарға жолдама алды.

Шараның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, жас қатысушыларға сәттілік тілеп, жастарға артылатын үміттің зор екенін атап өтті. Сонымен қатар осындай мүмкіндік ұсынған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Сайыс қорытындысы бойынша Созақ ауданынан келген «Алгоритм» командасындағы 5 оқушы грантқа ие болып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ бес команданың оқушысына ШҚТУ ректорының гранттары табысталды. Атап айтсақ, «IQ Energy» (Түлкібас ауданы), «125» командасы (Түркістан қаласы), О. Есімов атындағы мектеп (Келес ауданы), «Сайрам» командасы (Сайрам ауданы), «Қанат» командасының (Мақтаарал ауданы) қатысушылары жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Өскемен қаласының Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина құттықтау сөз сөйлеп, 10 оқушыға ШҚТУ ректорының грант сертификаттарын табыстады.

Біліктілікті анықтайтын сайыс соңында барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ИНВЕСТФОРУМДА 301 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ 35 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мажарстандық инвесторлар Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін ірі зауыттар салуды жоспарлап отыр

redaktor_rastimes

МАҚТАРАЛДАҒЫ АБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 400-ДЕН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу