RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.

Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды.

Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс.

Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берілді.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысының Қаражал қаласында салынатын мектепке 1,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

redaktor_rastimes

Сөз Қазынасын Сыйға Тартқан Жомарт Жүрек

redaktor_rastimes

Су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізілді

redaktor_rastimes

Пікір жазу