RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкологияЭкономика

ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШПАҚ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу бағытында инвесторлармен келіссөздер жүргізу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркия елінен келген инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асу жайын жан-жақты талқылады.
Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілгенін тілге тиек етіп, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Агроөнеркәсіп саласын дамытуда іскерлік байланыс орнатуға дайын екенін айтты.
Кездесуде түркиялық инвесторлар агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жобаларын таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Олар мал қалдықтарын қайта өңдеу арқылы электр және жылу энергиясын өндіруді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, биыл Түркістан облысы, Сайрам ауданынан жасыл технология негізінде биогаз өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 40 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын жылына 75 тонна органоминералды тыңайтқыштар мен 40 млн кВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылғанда 100-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылады.
Айта кетейік, биыл Сайрам ауданында жалпы құны 74,3 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11,3 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ

redaktor_rastimes

Төлеби өңірі қарқынды даму үстінде: бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 53,1 млрд теңгеге жетті

Пікір жазу