RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпҚоғам

Жамбыл облысында биыл 417,1 шақырым жол жөнделеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту — бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Осы міндетті іске асыру аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 
Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, 2024 жылы 16,5 шақырым жол салынып, 1 көпірдің құрылысы жүргізілді. 3 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылды. 
Жол — экономиканың күретамыры. Биыл өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 146 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады. 
Атап айтқанда, 17,7 шақырым жаңа жол салынады, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, 391,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді. 
Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 3,4 млрд. теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады. 
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. — 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. — 87%) жеткізу межеленіп отыр.

Дереккөз: Жамбыл облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Президент спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты

admin_rastimes

2025 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі Ақтаудың еншісінде

Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу