RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
БілімЖаңалықтар

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 2,3 трлн теңге бөлінді

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына 2,3 трлн теңге бөлінді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен кездесу өткізді.

ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.Бұл міндетті орындау үшін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы іске асырылуда, бұл мақсатқа 2,3 трлн теңге бөлінді. Заманауи талаптарға сай 369 мектеп салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Агенттікпен жүргізілген мониторинг барысында мектеп салу кезінде артық шығындардың алдын алу фактілері бар.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасы нәтижесін берді

redaktor_rastimes

ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

redaktor_rastimes

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн. доллар аударылды

redaktor_rastimes

Пікір жазу