RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Вице-премьер Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасымен кездесті

Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында «Қытай–Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын» іске асыру мәселесін қарастырды.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және көлік байланыстарын дамытуға бағытталған. Оның аясында теміржол және мультимодальды инфрақұрылым, сондай-ақ қойма кешендерін салу жоспарланып отыр.

Тараптар серіктестік шарттарын одан әрі пысықтау жөнінде келісті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен компания өкілдері арасында қосымша келіссөздер өтеді.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ КОМАНДАСЫ FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

redaktor_rastimes

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВ ӨНЕРКӘСІП КӨРМЕСІН АРАЛАП КӨРДІ

redaktor_rastimes

Ұлттық экономика вице-министрі Рудный қаласына барды

redaktor_rastimes

Пікір жазу