RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентСаясатСұхбатЭкономикаҚоғамӘлем

Ұлттық экономика вице-министрі Рудный қаласына барды

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қайта құруды қажет ететін бірнеше көппәтерлі үйлерді аралап, сорғы және сүзгі станцияларында болды. Бұл жерде оларды жаңарту жоспарлары және жұмыстарды орындау үшін қажетті қаржыландыру талқыланды.

Атап айтқанда, вице-министр Рудныйда үй кезегінде тұрған адамдарға бос тұрған ғимараттарды көппәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөндеп беру секілді табысты тәжірибесімен танысты. Бұл жобалар инвесторлар мен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Осылайша, 2023 жылы Рудныйда 4 бос ғимарат қайта жаңартылып, нәтижесінде 228 пәтер пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы тағы 7 көпқабатты үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚР  Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта тәулігіне 10 тонна сүт өнімін өндіретін зауыт жұмыс істеуде

redaktor_rastimes

Білімге жол ашқан жаңа белес: Түркістанда заманауи мектептер бой көтеруде

redaktor_rastimes

ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Пікір жазу