RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті

Қазақстан Республикасының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов құрамындағы қазақ делегациясы қатысты.

Кездесу барысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси ахуал және Ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметі талқыланды.

Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы ахуал бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қол қоюға шығарылатын құжаттардың жобалары мақұлданды.

Олардың ішінде – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына байланысты ҰҚК мәлімдемесі және іс-шаралар жоспары.

Әскери және басқа да құралымдарды, жылжымалы мүлікті, әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы халықаралық шарттар және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің ҰҚШҰ одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту туралы шешімінің жобасы мақұлданды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға БҰҰ Бас Ассамблеясының жанында байқаушы мәртебесін берілгеніне 20-жылдығы туралы мәлімдемелерді қабылдады.

Қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары ЖДҚК-ын дайындау және қолдану негіздерін, сондай-ақ ҰҚШҰ Әскерлерін медициналық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды бекітті.

Бірлескен отырысқа қатысушылар 28 қарашаның екінші жартысында Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы күн тәртібінің жобасын келісті.

ҰҚШҰ-дағы төрағалық Қырғыз Республикасына ауысатынына орай СІМК, ҚМК және ҚКХК кезекті отырыстары келесі жылдың бірінші жартысында Қырғызстанда өтеді.

 

Дереккөз: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Венесуэла президентінің ұшағын тәркіледі

admin_rastimes

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы жаңартылды

Қазақстанда ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды аналық басын экспорттауға тыйым салынды

admin_rastimes

Пікір жазу