RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

“ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД” БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

“Түркістан-Самарқанд” әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.
Жаңа бағыт — Қазақстан мен Өзбекстанға, туристік қалалар Түркістан мен Самарқандқа саяхаттауға аса ыңғайлы болмақ. Туристер үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Аталған бағыттағы әуе рейстерін “Qazaq Air” әуекомпаниясы жүзеге асырады.
Айта кетейік, жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерден Ыстамбұл, Абу-Даби мен Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты әуе рейстері ұшады.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік әділеттілік пен инклюзия жолындағы нақты қадам: Бәйдібекте жаңа орталық ашылды

redaktor_rastimes

Темірдің Тілін Тапқан Толағайлар

redaktor_rastimes

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тұңғыш түлектері үлкен өмірге қадам басты

redaktor_rastimes

Пікір жазу