RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

1–9 мамыр аралығында Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан және Алматы мен Қонаев қалаларынан 70 үздік спортшы қатысты. Олар «Финн», «470», «Луч», «Луч-2», «Луч-радиал», «Луч-мини», «Лазер», «Оптимист», «Кадет» сайыстарында бақ сынасты.

Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебінің тәрбиеленушілері негізгі қарсыласы – Алматы облысының спортшыларын артқа тастап, жалпы командалық есепте жеңіске жетті. Түркістан облысының қоржынына 17 медаль түсті: 9 алтын, 5 күміс және 3 қола.

Атап айтсақ, Александр Вакуленко, Жанель Абдужалал, Бағдәулет Шакизада, Анатолий Чуриков, Марк Ринк, Тимур Джангазов, Занғар Абдурахман, Кристина Малахова және Полина Коваленко өз сайыстары бойынша чемпион атанды.

Осылайша, желкенді спорт шеберлері маусымның 2–8 аралығында Қытайдың Циньхуандао қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Облыстың аға жаттықтырушысы Илья Данилов бастаған бапкерлік құрам Занғар Абдурахман мен Азамат Қалдарбековты сайыстың ILCA 6 және ILCA 7 олимпиадалық түрлері бойынша жарысқа қосуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасарымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

redaktor_rastimes

Сауран серпіні: Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өркендеп, жаңа жұмыс орындары ашылады

redaktor_rastimes

ШАРДАРАДА ҚҰНЫ 35 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕЛІК ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

redaktor_rastimes

Пікір жазу