RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Орал қаласында 23 ақпан-2 наурыз күндері аралығында садақ атудан жасөспірімдер мен балалар арасында ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер өзара мықтыны анықтады.
▪️Аталған додада Түркістан облысының намысын қорғаған Б.Саттарханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің садақ ату бөлімінің спортшысы бәйдібектік Қыдырәлі Бақытжан жекелей сайыста тамаша өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, командалық сайыста да түркістандық мергендер жүлделі орыннан көрінді. Мектеп спортшылары қазығұрттық Бекнұр Игілік, сарыағаштық Эльдар Рахым және келестік Бейбіт Магаматкул топтық сында қола жүлдегер атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмыс қайта басталмайды

redaktor_rastimes

Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті

redaktor_rastimes

Қазақстан мен Франция One Water Summit аясында Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

redaktor_rastimes

Пікір жазу