RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамалар ұсынды?

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан келген делегациялар қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын одан әр нығайту мәселелері болды.

Вице-премьер Қазақстан түркі интеграциясының дамуына ерекше мән беретінін және бауырлас мемлекеттердің бастамалары мен сындарлы ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті.

«ТМҰ аясында құрылған Түркі инвестициялық қоры экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, елдеріміздің қарқынды өсуі мен өркендеуі үшін капиталдарды, технологиялар мен таланттарды тартуға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды», — деді Нұрлан Байбазаров.

ТМҰ елдерінің барлық министрлері Қазақстанның ТМҰ Жасыл қаржы жөніндегі кеңесін, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктер Кеңесін құру туралы бастамаларын қолдады.

ТМҰ экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркістанда өтеді. Онда Қазақстанның барлық ТМҰ елдері қолдаған тағы бір бастамасы «TURAN» арнайы экономикалық аймағын ашу жоспарланып отыр.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын 2009 жылғы 3 қазанда бастағанын айта кетейік, 2021 жылы Кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып қайта құрылды.

2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіші $7,2 млрд-ты құрады.

2024 жылы ТМҰ-ның аясында Түркі инвестициялық қоры яғни, түркі әлемі елдері экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты құрылды.

Түркі интеграциясы транзиттік-көлік мәселелерінен бастап, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт пен гуманитарлық салаға дейінгі ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтиды.

Қазіргі уақытта ұйымға 5 мүше және 2 бақылаушы мемлекет кірген. Оған мүше мемлекеттер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Түрікменстан.

Дерекөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 2 ЕСЕ АЗАЙДЫ

Сақ болыңыздар: алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атауын пайдалануда

Шымкентте қылмыстық топтар ұсталды

Пікір жазу