RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкологияҚоғам

ТӨЛЕБИДЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ 1200 ГЕКТАР АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛАДЫ

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы зиянкес шегірткелерді дәрілеу жұмыстарының барысымен танысты.
Ауданда 1200 гектар жерге шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жоспарланған. Мамандар биылғы жылдың ауа райының құрғақ болуына байланысты тау бөктерлерінде шегірткелер жылдағыдан 15 күн ерте оянғанын айтты. Шегірткелерді екінші даму сатысында дәрілеп, үшінші дәрежесіне дейін өтуінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы сала мамандарына арнайы техниканы көрсетілген мерзімде жеткізіп, химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізіп, жұмысты өз деңгейінде атқаруды тапсырды. Жайылымдық жерлерді дәрілеу арнайы аппарат көмегімен де жүзеге асуда. Аталған аумақтарды толықтай залалсыздандыру үшін химиялық препараттар мен жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ірі өндіріс орындары ашылмақ

redaktor_rastimes

Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасы нәтижесін берді

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Пікір жазу