RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

Сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның тіршілігімен тыныс алатын кәріз жүйесі жаңғыртылуда

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін қабылдады

Экспорт көлемі 47 пайызға артқан

Пікір жазу