RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

Стационарлық ем алғандар қатары 3,4 млн.-нан асты

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,4 млн.астам тұрғын стационарлық ем алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87 мың жағдайға көп, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет кепілдік берген көлемнің шеңберінде емделген науқастардың жалпы санынан 1 млн.пациент медициналық көмек алды, МӘМС жүйесінде 2,4 млн. жағдай емделіп, 2023 жылмен салыстырғанда 76 мың жағдайға өсті.
Стационарлық деңгейде 928 мың операция жүргізілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға немесе 35 мың жағдайға асып түсті.
Жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн.астам қымбат зерттеулерден өтті.

Осы қызметтер ұсынылған 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.

МРТ және КТ – бұл әртүрлі аурулар мен патологияларды ерте сатысында анықтауға, сондай-ақ ағзалар мен тіндердің жағдайын бағалауға көмектесетін маңызды диагностикалық әдістер.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

redaktor_rastimes

Скринингтен уақытылы өту маңызды

redaktor_rastimes

Пікір жазу