RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидентҚоғамӘлем

Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты деп хабарлады Президенттің ресми сайты.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұрттағы агроинновация: жүгері алқабында су үнемдеу технологиясы жемісін беруде

Еңбек адамына берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына енеді

admin_rastimes

Төл Мәдениеттің Төрінде – Жетісайдың Жарқын Өнері

redaktor_rastimes

Пікір жазу