RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

«Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметі туралы келісім мақұлданды

2025 жылдың 5 ақпанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы Келісімді мақұлдады.

Қазақстандағы «Атамекен» және Өзбекстандағы «Гулистан» бақылау-өткізу бекеттерінің жанында орналасады. Оның құрамына өндірістік алаңдар, қоймалар және көлік инфрақұрылымы кіреді. Бұл жүк тасымалының жылдамдығын арттыруға, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға, тұтынушылар үшін өнімнің соңғы құнын төмендетуге, жеткізу жылдамдығын арттыруға және «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді.

«Келісімге сәйкес, Орталықтың жалпы аумағы 100 гектарды құрайды, оның 50 гектары – Қазақстанға, ал 50 гектары – Өзбекстанға тиесілі. Белгілі бір аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі. Орталықтың инфрақұрылымы бюджеттен тыс қаражат есебінен салынады», – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жалпы отырыста.

Министр Түркістан облысының әкімдігі ашық конкурс ұйымдастырып, Орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салатын негізгі инвесторды таңдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта инвестор Орталықты қажетті инфрақұрылымдық нысандармен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.

Техникалық және құрылыс жұмыстары 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқталып, 2027 жылдың бірінші жартысында орталықтың ресми ашылуы жоспарланған.

Дереккөз: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Түлкібастың ақпарат алаңында жаңа тыныс – Мархабат Байғұт атындағы медиа студия

Әр жүректе – көк байрақ: Түркістанда патриоттық бастама жалғасын тапты

redaktor_rastimes

Пікір жазу