RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСаясатЭкономикаҚоғамӘлем

Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты — су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.

Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғи апаттармен, оның ішінде су тасқынымен күресуде мол тәжірибесі бар шетелдік компаниялар және институттармен белсенді әріптестік орнатуда. Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.

«Биыл тамыз айында Нидерландтың «Апаттар каупін азайту қолдау тобының» мамандары Астанада алғашқы семинарларын өткізген болатын. Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының 30 маманы қатысты»,— деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты

Өзара тиімді серіктестікті кеңейту мәселелері келісілді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3,5 МЛН. ТОННА БАҚША ӨНІМДЕРІ ЖИНАЛДЫ

Пікір жазу