RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпЭкономикаҚоғамӘлем

Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

Абай облысының тұрғыны Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен 2019 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 млн. теңге көлемінде өтеусіз грантқа қол жеткізді.

Бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашып, авторлық құқықпен «Qazice» атты өнімін патенттеді.

Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18 түрін сатады.

Шымкент пен Түркістанда «Qazice» сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

Ұқсас жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысы өтті

redaktor_rastimes

2025 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі Ақтаудың еншісінде

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді

redaktor_rastimes

Пікір жазу