RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАС ЧЕМПИОНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қазақстан мен Азия чемпионаты және Евразия кубогында жеңіс тұғырынан көрініп, чемпион атанып елімізге жеңіспен оралған спортшыларды қабылдады.
Аудан басшысы еліміздің көк туын биікте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатқан чемпиондарға құрмет көрсетіп, арнайы алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады. Аудан әкімі жастардың бұл жетістігін бүкіл Қазығұрт халқының ортақ мақтанышы ретінде бағалап, олардың спорттағы жарқын болашағына зор сенім білдіретіндігін жеткізді.
Айта кетейік, 3-11 мамыр аралығында Индия мемлекетінің Дели қаласында спорттың қол күрес түрінен өткен Азия чемпионатында 50 кг салмақта Бексұлтан Түзелбай Азия чемпионы атанса, 55 кг салмақта Нұрислам Мамбеталиев ІІ орынға тұрақтап, күміс медаль иеленді.
Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында дзюдодан Евразия кубогы үшін өткен «Tashkent Open Cup» чемпионатында 32 кг салмақта Мансұр Дәулетұлы чемпион атанса, Нұрхан Нұрғалиұлы 38 кг салмақта ІІ орын алып, күміс медаль иеленді.
Ал Ақтау қаласында 30 сәуір-05 мамыр аралығында Ушу-санда спорт түрінен өткен ҚР чемпионатында 100 кг салмақта Азамат Батубекұлы чемпион атанса, 80 кг салмақта бақ сынаған Бекзат Шерзатұлы ІІ орын иеленген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов экономиканы дамыту жөнінде кеңес өткізді

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылайды

redaktor_rastimes

Пікір жазу