RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпортӘлем

Қазақстандық ұстаз әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленді

Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатына Астана қаласының Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Айгүл Тұрғанбайқызы екі алтын медаль алып, көк байрағымызды желбіретті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

20-ға жуық мемлекеттен келген әйелдер ішінен 54 жастағы ұстаз жасының үлкендігіне қарамастан ел намысын қорғап 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп, рекордтық көрсеткішті бағындырды. Айгүл Тұрғанбайқызы спорттың бұл түріне 52 жасында келген. Бір жарым жыл ішінде ауыр атлетиканы меңгеріп, бұған дейінде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.

«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, бастапқыда мені Қытайдан келген қатысушы деп ойлады. Алайда, рекордық көрсеткіш көрсеткенімде Қазақстаннан келгенімді біліп, барлығы қошемет көрсетті», — дейді Айгүл Тұрғамбайқызы.

Өткен жылы Мемлекет басшысының қолынан білім саласына айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған Айгүл Тұрғанбайқызы ата-аналары мен оқушыларына білім мен қатар спортты да меңгеріп, адам бойында жатқан жаңа қырларын кез келген жаста аша біліп, әлемді бағындыруға болатынын көрсеткісі келетін айтады.

Айта кетейік, алдағы уақытта спортшы ұстаз Африкада өтетін жарыста ел намысын қорғайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Білімге жол ашқан жаңа белес: Түркістанда заманауи мектептер бой көтеруде

redaktor_rastimes

Инвесторларға қатысты негізгі шешімдер «прокурорлық сүзгіден» өтеді

redaktor_rastimes

Пікір жазу