Астанада ТМД Парламентаралық ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Оған ТМД мемлекеттерінен: Әзірбайжан , Армения, Беларусь, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан парламенттік делегациялардың басшылары қатысты.
Сапар аясында Парламентаралық делегация мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтановпен кездесті.
«ТМД бірлескен шешімдер әзірлеу, ақпарат алмасу және АӨК саласындағы күш-жігерді үйлестіру үшін негізгі алаң болып қала береді. Қазақстан барлық қатысушы мемлекеттердің өзара тиімділігі, теңдігі және мүдделерін ескеру қағидаттарын қолдайды, бұл сындарлы өзара іс-қимылға және интеграцияны кеңейтуге ықпал етеді. Өзінің айтарлықтай аграрлық әлеуетінің арқасында еліміз өңірді сапалы және қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерінде ТМД елдері үшін сенімді серіктес болып қала береді», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Кездесуге қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, АӨК-дегі ТМД елдерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, халықты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау, АӨК және басқа салалардағы заңнаманы жетілдіру және біріздендіру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, ветеринарлық қауіпсіздік, аграрлық сектор үшін кадрлар даярлау және т.б. мәселелер бойынша пікір және ұсыныстармен алмасты.
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі